Атырау облысында бөгеттерге арналған топырақ толы қаптардың «ұрланғаны» әзіл болып шықты

19:33, 19 сәуір 2024

© Сурет: Атырау облысы ПД

Атырау облысында жағалауды нығайтуға арналған топырақ салынған қаптарды ұрлады деген бес күдікті, шын мәнінде, өз қалжыңдарының "құрбаны" болған еріктілер болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ПД 19 сәуірде Жайық өзені жағалауындағы салынған бөгеттерден қапшықтарды ұрлау жөнінде келіп түскен көптеген шағымға байланысты жағалау бақылауға алынғанын хабарлады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Патрульдеу кезінде полицейлер көліктің жүк салғышына қапшықтарды салып жатқан адамдарды байқаған. Полиция қызметкерінің "не істеп жатырсыздар" деген сұрағына олар қапшықтарды үйлеріне апара жатқанын айтқан. Хаттамаға сай полицейлер әрекет етті. Артынан олардың жақын маңдағы кешенде орналасқан еріктілер екені, сол сәтте олар жолды жауып қалған қаптарды тасып, топырақтарды тазалап жүргені анықталды", делінген ПД хабарламасында.

Жағдай артынан оңынан шешіліп, олармен полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция департаменті қолданыстағы ТЖ режиміне байыпты қарауды және осындай фактілерді болдырмау үшін өз жұмысын атқаратын полицейлерге қатысты арандатушылықтарға жол бермеуді сұрайды.


"Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу мақсатындағы бөгеттер патрульдеу және бейнекамералар арқылы мұқият тексерілуде", деп хабарлайды ПД.

Айта кетсек, 19 сәуірде Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы бөгеттерге арналған қаптардың ұрлағанын хабарлаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!