Атырау облысында 5 ауылдық округте карантин жарияланып, ет сатуға тыйым салынды

16:28, 17 ақпан 2026

© Фото: Министерство сельского хозяйства РК

Атырау облысында ірі қара мал арасында жұқпалы ауру – инфекциялық ринотрахеит тіркеліп, Құрманғазы ауданындағы бес ауылдық округте карантин жарияланды. Сондай-ақ, уақытша ет сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың мәліметінше, ауру ауа арқылы малдан малға таралады. Қазіргі уақытта облыста 3800 ірі қара малдың ауруы расталған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ветеринариялық қызметтер 2800 малға антибиотик егуді жүргізіп, симптоматикалық ем-шараларын жасады. Алдын алу шарасы ретінде қосымша вакцина егілуде, қоралар дезинфекциялануда.

Жұқпалы ауру көршілес Исатай ауданына да жеткен: қазір 60-қа жуық сиыр аурудан зардап шегіп отыр. Ветеринариялық мамандар адамға инфекцияның жұғу дерегі тіркелмегенін атап өтті.

Аурудың шығу дерегі әзірге белгісіз. Құрманғазы ауданын Ресеймен байланыстыратын транзиттік дәліз ретінде қарастыратын облыс атқамінерлері, індеттің көрші елден келуі ықтимал екенін мәлімдеді.

Облысқа ақпан айында 1 млн 445 мың доза вакцина жеткізілген, оның ішінде ринотрахеитке қарсы екпе де бар. Вакцина барлық ауылдарға таратылып, аурудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!