Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

© Сурет: gov.kz
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы болып бұған дейін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Нұрлан Жаңабаев келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 қыркүйекте ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке, ТЖ департаментінің жеке құрамына және азаматық қорғау органдарының ардагерлеріне жаңа тағайындалған бастығы полковник Нұрлан Жанабаевты таныстырды.
Нұрлан Мақсұтұлы Жанабаев 1984 жылы 11 желтоқсанда Гурьев (қазіргі – Атырау) облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 2006 жылы инженер лауазымынан бастаған.
Министр ТЖД-ның тағайындалған бастығына қауіпсіздік мәдениетін және халықтың құтқару ведомствосына деген сенім деңгейін арттыру үшін ұйымдастырушылық және практикалық шараларды орындау қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:57, 12 желтоқсан 2023
Виолончельші Степан Хаусердің Димашпен жасаған коллаборацияcы желіні дүр сілкіндірді
-
01:57, 12 желтоқсан 2023
Виолончельші Степан Хаусердің Димашпен жасаған дуэті желіні дүр сілкіндірді
-
01:13, 12 желтоқсан 2023
Түркістан облысында бадминтоннан халықаралық турнир аяқталды
-
00:52, 12 желтоқсан 2023
Аяз, қар, тұман, көктайғақ: синоптиктер бүгін 14 өңірде ескерту жасады
-
00:05, 12 желтоқсан 2023
Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған