Атырау қаласы тұрғындарын эвакуациялау туралы ақпаратқа қатысты әкімдік түсінік берді
© Сурет: primeminister.kz
15 сәуірде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов ТЖ режимі жағдайына қатысты кейбір қауесеттер мен пікірлерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның мәлімдемесін Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы жариялады.
"Қалада эвакуация жарияланбады. Жағалауды нығайту жұмыстарына бөлінген барлық қаражат мақсатқа сай пайдаланылуда. Өңір үшін қиын-қыстау жағдайда біздің азаматтарымыз өз қаласын су тасқынынан қорғауға тұтаса көмектесіп, бірлік пен батылдықтарын танытты", - деді Нұржан Ермұханов.
Сондай-ақ 2000-ға жуық жылыойлық бір реттік әлеуметтік көмек алуға өтінім бергені хабарланады.
15 сәуірдегі жағдай бойынша, Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккен 1 942 отбасынан бір реттік әлеуметтік төлемге өтініш қабылданды. 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 369 200 теңге көлеміндегі бір реттік әлеуметтік төлемге құжат қабылдау Жылыой ауданында 12-сәуірден басталды.
Қазіргі уақытта құжаттар үш мекен-жай бойынша қабылданып жатыр:
- Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (Қабдешов көшесі, 1 үй);
- Жылыой аудандық Мансап орталығының ғимаратында (Махамбет даңғылы, 178 үй);
- Теңіз қалашығындағы эвакуациялық пунктте.
"Күні бүгінге тасқыннан зардап шеккен 1 942 отбасынан өтініш қабылданды. Жоспар бойынша, 2800 отбасынан өтінім қабылдау күтілуде. Бір реттік әлеуметтік төлем алу үшін, небары төрт құжат керек. Өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, банкіден арнайы есеп шоттар және қала әкімдігінен берілген анықтама", - деді Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Азамат Мәмбетов.
Алдында су басқан Құлсарыда сауда орындары ашылып, автобустар жүре бастағаны, осылайша қалаға қайта жан біткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 6 қараша 2024
«Қалың қар, бұршақ, көктайғақ». 7 қарашада еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:17, 6 қараша 2024
Оралда студенттерге шағын несие рәсімдетіп, ақшасын тартып алған күдіктілер ұсталды
-
21:53, 6 қараша 2024
«Боран, қатты жел». Астанада рейстер кешіктіріліп жатыр
-
21:43, 6 қараша 2024
«Мүліктердің бұғатталуы». Әділет министрлігі алаяқтыққа байланысты ескерту жасады
-
20:58, 6 қараша 2024
Адамдар үстіне аялдама конструкциясының құлауы: зардап шегушінің қызы әкімдік әрекетін сынады