Аты аңызға айналған Metallica тобы Сауд Арабиясында алғаш рет өнер көрсетеді

18:24, 1 желтоқсан 2023

© Сурет: wikimedia

Әлемге танымал Metallica тобы алғаш рет Сауд Арабиясында өнер көрсетеді. Олар королдікте концерт берген алғашқы америкалық хард-рок тобы болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Euronews мәліметінше, Metallica тобы тарихта алғаш рет Сауд Арабиясында концерт береді. 14 желтоқсанда музыканттар Таяу Шығыстағы ең ірі музыкалық шара - Эр-Риядтағы Soundstorm фестиваліне қатысады.

Metallica фестивальге қатысатынын Facebook-тегі парақшасында жазды.

"2023 жыл әлі аяқталған жоқ және бізге бұрын-соңды концерт беріп көрмеген, әлемнің сирек болатын бөлігіндегі ірі фестивальде өнер көрсетуге тамаша мүмкіндік берілді. Біз 14 желтоқсанда, бейсенбіде Сауд Арабиясындағы Soundstorm фестивалінде ойнайтын алғашқы хард-рок тобы болатынымызды қуанышпен жариялаймыз".

Сауд Арабиясында рок музыка сирек беріледі, бірақ 2022 жылы бұл елде алғаш рет жергілікті Immortal Pain тобы металл-концерт қойды. Сауд Арабиясында Metallica тобы бір де бір концерт беріп көрмеген, бірақ 2011 жылы аты аңызға айналған топ БАӘ-де, яғни Әбу-Дабида бір рет өнер көрсеткен.

Soundstorm фестивалінде өнер көрсететін басқа батыс елдері музыканттары арасында Фаррелл Уильямс, Крис Браун, H. E. R. және Black Eyed Peas та бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!