Астраханьда Қазақстанның консулдығы ашылады
© Сурет: wikimedia
"ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы РФ, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және ҚР, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге Хаттаманы" бекіту туралы "Үкіметтің қаулысы дайындалды", деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қоса беріліп отырған 2024 жылғы 20 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге Хаттама бекітілсін",- делінген құжатта.
Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығының консулдық округіне келесі өзгерістер енгізіледі:
- Адыгей Республикасының, Дағыстан Республикасының, Ингушетия Республикасының, Қабарда-Балқар Республикасының, Қалмақ Республикасының, Қарашай-Черкес Республикасының, Солтүстік Осетия-Алания Республикасының, Шешен Республикасының, Ростов облысының, Краснодар және Ставрополь өлкелерінің аумақтары қосылсын;
- Орынбор, Самара және Саратов облыстарының аумақтары шығарылсын.
Өз кезегінде Маңғыстау облысының аумағы Ресей Федерациясының Орал қаласындағы Бас консулдығы консулдық округінің құрамынан шығарылсын.
Құжат 26 шілдеге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





