Астрахань облысындағы Бөкей хан кесенесін көргісі келетін туристер қатары артты
Ел тарихындағы белгілі тұлғалар жайында білгісі келетін туристер қатары артуда.
Мәселен, көршілес Астрахань облысында жергілікті тұрғындар мен шетелдік меймандар жиі баратын киелі орын – Бөкей ордасының негізін қалаған Бөкей ханның кесенесі. Жамағат тәу ететін киелі орынға айналған бұл жер көршілес екі елдің достығын да айшықтайды. Атырау мен Астрахань жұртшылығы бірлесіп кесене салған. Қазір мұнда келушілер көбейген.
Астрахань облысы аумағына кіреберісте аспанмен таласқан алып кесене алыстан менмұндалайды. Биіктігі 20 метрлік сәнді ғимаратты Атырау мен Астрахань тұрғындары бірлесіп тұрғызған. Бұл – екі елдің тарихында өзіндік орны бар нысан әрі қазақтың ардақты азаматына деген құрметтің белгісі. Бөкей хан XIX ғасырда Павел I патшаның рұқсатымен осы өңірге Жайық бойынан 5 мың түтінмен көшіп келген. Кейін халық саны өсіп, 1812 жылы Бөкей ордасы құрылған. Осылайша, Еділ-Жайық арасын тең қоныс еткен екі халықтың достығы біте қайнасып, әлі күнге сызат түскен емес. «Батыс өңірде Бөкей ордасының құрылуы қазіргі қазақ мемлекеттілігінің бастауы болды», – дейді тарихшылар.
Андрей Курапов, Астрахань музей-қорығы директорының орынбасары:
– Бөкей хан мен Сейіт баба жерленген кешен – тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, жалпы мұсылмандар үшін де қасиетті орын. Бұл – Бөкей ханның тарихи тұлға екенінің айғағы. Бөкей хан – өз заманында көршілес екі елдің рухани, мәдени, тіпті саяси-экономикалық жақындасуына өлшеусіз үлес қосқан саясатшы.
Бөкей хан-Сейіт баба кешені – тек тарихи орын ғана емес, жергілікті тұрғындар мен Кавказ мұсылмандарының тәу ететін қасиетті мекені. Мұнда дертіне дауа іздегендер келі, рухани күш алып қайтады екен.
Алексей Агеев, Астрахань облыстық мәдени құндылықтарды қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы:
– Сейіт баба секілді қасиет дарыған адам жерленгендіктен, бұл кешенді жергілікті тұрғындар киелі деп санайды. Ал кейін салынған Бөкей хан кесенесінің біз үшін архитектуралық маңызы ерекше. Келешекте біз бұл кешенді мәдени құндылықтар тізіміне енгізетін боламыз.
Кезінде Бөкей ханға ілесе келген халық саны көбейді. Қазір Астраханьда 150 мыңдай қазақ тұрады. Бөкей Нұралы XVIII ғасырдың өзінде орыс-қазақ мектептерін ашып, оған кедейлердің балаларын оқытыпты. Сол жастардан шыққан белгілі тұлғалар есімі көпке үлгі ретінде дәріптеліп келеді. Мәселен, қазақтан шыққан тұңғыш генералдардың бірі Ғұбайдолла Жәңгіров, Ресей думасының депутаты болған белгілі саясаткер Бақыткерей Құлманов туралы облыстық музейде жан-жақты деректер қамтылған.
Арыстанбек Кенже, тілші:
–Астрахань облыстық музейіндегі Бөкей ханға арналған мүйістен сол кездегі Орда қазақтары тұтынған дүниелер, киім-кешектер мен тұрмыстық заттарды көруге болады. Ал негізі бұл арадан бір кездегі Қазақстан мен Ресей арасындағы іскерлік, экономикалық байланыстарды айғақтайтын құнды құжаттар сақталған.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





