Балабақшадағы есепшілер миллиондаған ақшаны жымқырды: екеуі жауапкершіліктен құтылды

11:13, 25 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда жалпы сомасы 54 миллион теңгені құрайтын бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасымен мектепке дейінгі ұйымдарда 54 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады.

"Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.

"Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды." Ақтөбе облысының прокуратурасы

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.

"Балауса" және "Гүлдер" балабақшаларының бухгалтерімен 49 млн теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

21 қарашада бас есепші мен мектеп есепшісі 2021 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін жалақы түріндегі шоттарына заңсыз ақша аударғаны үшін сотталғаны хабарланған болатын. Келтірілген шығын 10 миллион теңгеден астам. Олар 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!