«Астананы» жеңгені үшін біреу «Қайратқа» 235 мың доллар берді

17:41, 25 қазан 2021

© Сурет: Instagram/f.c.kairat

Алматылық "Қайрат" Қазақстан чемпионатының 25-турында "Астананы" жеңгені үшін 235 мың доллар (100 миллион теңге) пайда тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты біліп қойды, дейді aladop.kz.

Бейресми ақпарат бойынша, үшінші тарап "Қайратқа" жеңіске жеткен жағдайда қомақты қаржы беруді уәде еткен.

Құрбан Бердыев шәкірттері жеңіске жеткендіктен қостанайлық "Тобыл" турнир кестесінде бірінші орынға шықты және чемпион болуға жақсы мүмкіндіктері бар.

"Астана" чемпион атану үшін Премьер-лиганың соңғы турында "Тұранды" жеңіп, "Тобылдың" "Ақжайыққа" қарсы ойында сәтсіздікке ұшырауын күту керек.

  • "Қайрат" пен "Астана" матчы биылғы маусымда ең көп көрермен жиналған ойын болды: кешегі ойынды 9500 көрермен стадионнан тамашалапты.
  • Бұл премьер-лиганың осы маусымында жаңа рекорды.

Футболдан Қазақстан чемпионы соңғы турда анықталады


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!