Астанадағы ойын-сауық орталығында эскалатордағы ақаудан 3 адам зардап шекті
© Сурет: pixabay
Астанадағы "Сарыарқа" сауда, ойын-сауық орталығында эскалатор кенеттен қатты жүріп кетіп, салдарынан екі ересек және бір бала зардап шекті. Болған оқиғаны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Есіл ауданы Тұран даңғылы 24 мекенжайындағы "Сарыарқа" СОО-да алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа кенет қатты түскен. Ол уақытта эскалаторда 20-ға жуық адам болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, төменге қатты түсуден екі ересек және бір бала аздаған дене жарақатын алды". ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов
Ведомство өкілінің айтуынша, оқиға 31 наурыз күні сағат 23:52-де болған.
Зардап шеккен адамдар медицина мамандары қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





