Астанадағы нөсерден кейін әкімдік ресми мәлімдеме жасады

18:06, 23 шілде 2026
MKZ: 1557675

© Фото: unsplash

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі қалада болған күшті нөсерден кейінгі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Жауын салдарынан көшелерді су басып, көлік қозғалысында қиындықтар туындаған, деп хабарлайды Zakon.kz/

Әкімдіктің 2026 жылғы 23 шілдедегі ресми мәлімдемесінде:

"Толассыз жауған жауын-шашынға, оның ішінде нөсерлі жаңбырға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қаланың жаңбыр суын бұру жүйесі мен тазарту құрылыстары жауын көлемін қабылдап үлгеріп жатыр", – делінген.

Ведомство кейбір учаскелерде уақытша шағын су жиналғанын атап өтті.

"Жауын-шашын көлемі бір мезетте көп түскен жағдайда жаңбыр суын бұру жүйесі суды орта есеппен 40 минуттан 1 сағатқа дейінгі уақытта қабылдайды", – деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әкімдік коммуналдық қызметтер коллекторлар мен су қабылдағыштарды тұрақты түрде тазалау, құбырларды бумен өңдеу, жаңбыр суын бұру жүйелері мен тазарту нысандарын салу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!