Астанадағы құрылыс басындағы төбелес – полиция түсініктемесі

19:35, 28 мамыр 2024

© Сурет: unsplash

Бүгін, 2024 жылы 28 мамырда Астанада құрылыс нысандарының бірінде жұмысшылар арасында төбелес болған. Аталған оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлады Zakon.kz.

Құзырлы ведомство әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 2024 жылы 27 мамырда елорданың құрылыс нысандарының бірінде орын алған оқиғаға қатысты шынайы емес ақпарат тарап жатқанын хабарлады.

"Аталған фактіге қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.Жұмыс уақытында құрылыс нысанында жұмысшылардың арасында қақтығыс орын алғаны анықталды, оған ер адамның бірінің тұтастырғы құюға дайындап қойған еденнен өтіп кетуі және оған екінші жұмысшы адамның ескертпе жасауы себеп болған. Полиция келгеннен кейін жанжал реттелді". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаға қатысқан адамдардың барлығын анықтады, оларға қатысты заңда көзделген шаралар қолданылатын болады.


Астана қаласы ПД тек ресми көздерден алынған ақпараттарға ғана сену керектігін және шынайы емес ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделетінін ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!