Астанадағы арнайы операция: ІІМ мен МКҚ тәулік бойы есірткі сатқан «Пепе» дүкенін әшкереледі
© Сурет: ҚР ІІМ
ҚР Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 21 қазанда есірткі дүкендерінің қызметін тоқтату бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, жедел уәкілдердің назарына "Пепе" интернет-дүкені іліккен. Ол арқылы Астанада есірткі таратудың тұрақты арнасы жолға қойылған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, жалдамалы пәтерлерде 30 жастан асқан бес ер адамды бір мезгілде ұстады", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Топ мүшелерінің міндеттері өзара бөлінген: бірі ұйымдастырумен, енді бірі есірткіні өлшеп, қаптаумен, сақтаумен және жасырын орындарға қалдырумен айналысқан.
Күдіктілер тұтынушыларға тәулік бойы каннабис тобындағы есірткілерді, соның ішінде марихуана, гашиш, каннабис шайырын және өзге де есірткі түрлерін жеткізіп отырған.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, сатылымда каннабис шайыры қосылған салмасы бар печеньенің болуы полицияның ерекше назарын аударған.
"Әрқайсысының салмағы 100 грамм болатын осындай 238 кондитерлік өнім тәркіленді. Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде шамамен 12 келі түрлі есірткі, оның ішінде 8 келіден астам марихуана, 1,5 келі гашиш және 2 келі каннабис шайыры алынды", – деді Бақытжан Әмірханов.
Бұдан бөлек, ірі көлемдегі қолма-қол ақша, банк карталары, ұялы телефондар, электрондық таразылар, брикеттер, вакуумдап орауға және қаптауға арналған құралдар, түрлі түсті оқшаулағыш таспалар, сондай-ақ есірткі сатылғанын айғақтайтын өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
"Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды", – деп мәлімдеді Бақытжан Әмірханов.
Бір апта бұрын, 14 қазанда Қазақстанда синтетикалық есірткі жеткізетін ірі арнаның жолы кесілгені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:11, 21 қазан 2026
Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады
-
15:04, 21 қазан 2026
Геологиялық құпия: ғалымдар әлемдегі маңызды өзендердің бірі туралы құпияны білді
-
14:57, 21 қазан 2026
Дипфейк арқылы алматылықтың атына банкте төрт шот ашып, олар арқылы 36 млн теңге айналым жасаған
-
14:50, 21 қазан 2026
Алматы полициясы бұрын сотталған ағайындылардың үйінен 113 келіден астам есірткі тапты
-
14:43, 21 қазан 2026
Қытай Тынық мұхитында стратегиялық зымыранды сынақтан өткізді





