20 қазандағы сауда қорытындысы: доллар бағамы төмендеді

15:47, 20 қазан 2026
MKZ: 1573379

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 20 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,79 теңгеге төмендеп, 450,69 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 5,45 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Қытай юанінің бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 67,51 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарындағы сатып алу және сату бағамдары:

  • - Доллар: сатып алу – 450,7 теңге, сату – 452,5 теңге.
  • - Еуро: сатып алу – 504,5 теңге, сату – 508,8 теңге.
  • - Рубль: сатып алу – 5,24 теңге, сату – 5,35 теңге.

20 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,53 долларға қымбаттап, 110,08 долларға жетті.

Нью-Йорктің NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,45 долларға қымбаттап, 104,11 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 452,59 теңге, еуроны 507,67 теңге, рубльді 5,48 теңге деңгейінде белгіледі.

20 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын осы жерден білуге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!