Алматы полициясы бұрын сотталған ағайындылардың үйінен 113 келіден астам есірткі тапты
© Фото: Zakon.kz
Алматыда полиция қызметкерлері 113 келіден астам есірткі тәркілеп, бұрын сотталған екі ағайындыны ұстады. Олардың есірткі саудасына қатысты әрекеттерінің мән-жайын 2026 жылғы 20 қазанда қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысынан Алматыға қарасора тобына жататын есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрлігі мамандарының көмегімен кесті.
"Алатау ауданында арнайы бөлімшенің қолдауымен полиция қызметкерлері Жамбыл облысының тумалары, есірткі қылмыстары үшін бұрын сотталған екі ағайындыны ұстады. Үй аумағын тексеру кезінде өсімдік тектес заттар жасырылған орындар анықталды. Екі қорап пен үш пакет есірткі, сондай-ақ қарасора тобына жататын 26 түп өсімдік тәркіленді. Сараптама нәтижесі бойынша 100 келіден астам кептірілген марихуана және 13 келіден астам гашиш тәркіленгені расталды. Есірткі заттарының жалпы салмағы 113 келіден асты", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, күдіктілердің екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, істің барлық мән-жайы мен есірткі жеткізу арнасына қатысы болуы мүмкін адамдар анықталып жатыр.
Бұған дейін Алматының Түрксіб ауданында патрульдік полиция жасағы Үлкен Алматы каналының бойындағы саябақта қызмет атқарып жүргені хабарланған болатын. Сол кезде белгісіз ер адамның оғаш әрекеті полицейлердің назарын аударған.
Полицияның түсіндіруінше, жүйкесі қобалжыған ер адам қашуға тырысып, жол бойында қандай да бір затты лақтырып жіберген. Алайда полицейлер оны жедел түрде тоқтатып, ұстаған.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол қарасора майын лақтырып жіберген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 21 қазан 2026
Range Rover-мен полициядан қашып, сотқа келмеген: Тараз тұрғыны қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды
-
15:50, 21 қазан 2026
21 қазандағы саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:48, 21 қазан 2026
ЕАЭО елдерінде жұмыс істейтін қазақстандықтарға зейнетақы құқығын сақтау жолы түсіндірілді
-
15:41, 21 қазан 2026
Қазақстан жол бойындағы қызметтерді дамытуды жоспарлап отыр: арнайы жоспар бекітілді
-
15:32, 21 қазан 2026
Қазақстан мен Пәкістан кеден саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді





