Астанада жыл соңына дейін 28 жаңа жоба іске қосылады
© Фото: primeminister.kz
"Astana Invest" қалалық инвестицияларды дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Мұхамеджанұлы 2026 жылғы 4 қыркүйекте Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл іске қосылатын жаңа жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның мәліметінше, 2026 жылы жалпы инвестиция көлемі шамамен 164 млрд теңгені құрайтын 28 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
"Олардың қатарында пластиктен медициналық бұйымдар, құрылыс материалдары, жылу оқшаулағышы бар құбырлар мен фасонды бұйымдар, жылу агрегаттары, ПВХ және алюминий қасбеттер, витраждар, терезелер мен есіктер шығаратын өндірістер бар. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы зор ірі жобаларды атап өткен жөн. Оның ішінде инвестиция көлемі 127 млрд теңгеге бағаланған Олимпиадалық даярлау орталығы мен мектеп құрылысы бар", – деді Сәбит Мұхамеджанұлы.
Ол бірқатар перспективалы жобаны да атады:
- мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылатын аумағы 409 гектар №2 индустриялық парк;
- аумағы 223,1 гектар, шамамен 100 инвестициялық логистикалық жобаны орналастыруға мүмкіндік беретін логистикалық парк;
- агроөнеркәсіп кешені жобаларын орналастыруға арналған аграрлық-индустриялық аймақ;
- аумағы 1159 гектар "Астана халықаралық әуежайы" аумағын кеңейту жобасы. Бұл жоба 2041 жылға қарай жолаушылар ағынын үш есе арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Астанадағы инвесторлар үшін ең тартымды салалар туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:33, 4 қыркүйек 2026
Базалық сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі: енді несие пайыздары арзандайды ма?
-
17:20, 4 қыркүйек 2026
Ұлттық банк инфляция көрсеткішінің төмендеуіне қандай факторлар ықпал еткенін айтты
-
17:03, 4 қыркүйек 2026
Ломбардтар мен МҚҰ: Қазақстанда берілетін микрокредиттердің жартысынан көбін бизнес алады
-
16:57, 4 қыркүйек 2026
Тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар мен қандастарды есепке қою қағидалары жаңартылды
-
16:50, 4 қыркүйек 2026
Қытайда 100 шақырымға созылған кептеліс екі аптаға созылды





