Астанада жол апатынан бірнеше адам зардап шекті, оның бірі көліктің ішінде қысылып қалған

12:32, 11 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Құтқарушылар Астананың Байқоңыр ауданында жүк көлігі мен жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте қысылып қалған адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство жол апаты айналма жол аймағында болғанын атап өтті. Соқтығыс салдарынан жолаушылар түрлі жарақаттар алған.

Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен бір жолаушыны босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады.

"Құтқарушылар келгенге дейін басқа жолаушыларды куәгерлер шығарған. Жарақат алған барлық жолаушылар ауруханаға жеткізілді",- делінген ақпаратта.

Апат себебі анықталуда.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатында бес шетелдік қаза болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!