Астанада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтті
© Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Астанада Креативті индустрияларды дамыту қорының "Creative AIMAQ" республикалық жобасы аясында Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара шымылдығын дәстүрлі әнші Бекарыс Көштаев Аяз Бетбаевтың "Жамбыл Жабаевқа арнауымен" ашты.
"Асқақ рухты Әулиеата" тақырыбында өткен іс-шарада Әулиеата өңірінің тарихи-мәдени мұрасымен қатар 50-ден астам креатордың жобалары, IT өнімдері, инновациялық бастамалары мен заманауи идеялары көпшілік назарына ұсынылды.
Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетов келіп, жамбылдық креаторлардың жұмыстарымен танысты.
Креативті жобалар қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің жасанды интеллект негізіндегі "Зияткерлік және спорттық кофехана", Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің "Hermes Analytica" цифрлық кәсіптік бағдар беру жүйесі, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының "вайб-кодинг" технологиясымен әзірленген жобалары бар.
Жәрмеңкеде IT жобалармен қатар, жамбылдық қолөнершілердің табиғи жүннен әзірленген экологиялық таза өнімдері мен жібек талшығын өндіру бағытындағы жұмыстары таныстырылып, келушілерге сатылымға ұсынылды. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасы "Алтын қор" цифрлы кітабы, төрт форматты инклюзивті ертегі кітаптары және 3D-технология негізіндегі тактильді макеттер сынды креативті жобаларының таныстырылымын жасады.
"ASPARA" брендінің неофольклор стиліндегі топтамаларының сән көрсетілімі, жасанды интеллект көмегімен әзірленген қазақ ертегілері мен анимациялық фильмдердің көрсетілімі, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының "Әулиеата әуендері Астана төрінде" концерттік бағдарламасы да жәрмеңкенің мазмұнын арттырды. Ал жергілікті баспалардың кітаптары, суретшілердің картиналары, Қали Қораласбаевтың мүсіндері мен Алтынбек Қартабайдың фотожұмыстары да назардан тыс қалмады.
Ерекше атап өтерлігі Жамбыл өңірінің табиғи ерекшелігін айқындайтын "Қызғалдақ-мұра" халықаралық фестивалі аясында жамбылдық қолөнершілер көлемі 200 шаршы метр болатын киіз басып, Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енген болатын. Ұлттық қолөнер мен өңірдің табиғи ерекшелігін тоғыстырған бірегей туынды жәрмеңке барысында келушілерге таныстырылып, жәрмеңкенің көркін аша түсті.
Жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі 6 қыркүйек күні де жалғасын табады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 16 қазан 2026
Канадада өтетін шорт-тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады
-
22:48, 16 қазан 2026
Шымкенттегі дүрбелеңнен кейін Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертінің уақытын өзгертті
-
21:49, 16 қазан 2026
Абай облысында жоғалып кеткен 7 жасар бала иен даладан аман-есен табылды
-
21:36, 16 қазан 2026
«Қар, көктайғақ, үсік». Сенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:56, 16 қазан 2026
Астанада тұрғын үй кешенінде лаң салған жартылай жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалған









