Астанада 8-сынып оқушысы қатарласын электрошокермен талдырған
© Сурет: видео скрині/КТК телеарнасы
Астанадағы №81 ағылшын тілінде оқытатын ақылы мектептің 8-сынып оқушысы құрдасына электрошокер қолданып сес көрсеткен. Тоқ ұрған қатарласы бірден мектеп дәлізінде талып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаға куә болған ата-аналардың айтуынша, бала шамамен екі сағаттай есін жинай алмаған. Тек содан кейін ғана, жағдайдың ушыққанына көз жеткізген соң, мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырған. Тоқ ұрған бала қазір №2 көпбейінді ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер баланы тілге келтіріп, қажетті ем-дом жасағанын мәлімдеді, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Бұзақылыққа барған баланың ата-анасына хаттама толтырылып, тергеу басталды. Мектепке жылына миллион теңгеден көп ақша төлейтін ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдаулы.
Кез келген оқушының сыныпқа суық қарудан бастап, осындай электрошокер алып келуі мүмкін енін айтып, директордан білім ошағына сканер қоюды талап етіп отыр.
"Екі балам осы мектепке барады. Ай сайын удай ақша төлейміз. Бүгінгі жағдайдан кейін балаларымызды мектепке жіберуге қорқып қалдық. Ойлаңызшы, кез келген оқушы осылай элекрошокер алып келетін болса, оны қолданса, не болады? Мектеп әкімшілігі неге сөмкелерін тексермейді. Барлығын тексеруге мүмкіндік жоқ десе, сканер қойсын".Оқушының анасы Әлия Дашкеева
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





