Астанада 9-сынып оқушылары топ құрып, қатарластарына қырғидай тиюде. Полиция не дейді?
© Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде елордалық мектеп-гимназиялардың бірінде жаппай ұрып-соғу фактісі тіркелген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода бірнеше жасөспірім оқушы бала құрдастарын мазақ етеді. Куәгерлердің айтуынша, 15 жасөспірім тұрақты негізде өз қатарластарын ұрып-соғып, үркітіп-қорқытумен айналысады.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.
"Аталған факт бойынша оқиғаның барлық қатысушысы, тоғызыншы сынып оқушылары анықталды. Оқушылардан ата-аналарының қатысуымен сұрақ-жауап алынды, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соның нәтижелері бойынша оқушылардың іс-әрекеттеріне алда құқықтық баға беріледі", деп жауап берді ведомстводан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





