Астанада пробация қызметкерлері 30 жазасын өтеушіні жұмысқа орналастырды

© Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Астанада пробация қызметкерлері 30 жазасын өтеушіні жұмысқа орналастырды. Бұл туралы Астана бойынша ҚАЖД басшылығының "Еңбек ұтқырлығы орталығының", сондай-ақ ҚР ІІМ Қылмыстық іздестіру департаментінің "Еңбек" РМК өкілдерімен болған жұмыс кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылатынын нақтылады.
"Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, тәуекел тобында тұрған сотталғандардың қайталап қылмыс жасауына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың өкілдері жұмысқа орналасу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады. Аталған іс-шарада Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің пррбация қызметі басшылығы мен аудандық пробация қызметінің басшылары қатысты", делінген хабарламада.
Бұған дейін Антикор СҚО бойынша ҚАЖД басшысы не үшін ұсталғанын түсіндіргені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 20 маусым 2025
Алматыдағы Сайран көлінде тәртіп бұзған 120-дан астам адам жазаланды
-
22:02, 20 маусым 2025
Елена Рыбакина Берлиндегі турнирде әлемнің бірінші ракеткасын жеңілді
-
21:42, 20 маусым 2025
Сәтбаевта қыз баланы екі бірдей көлік қағып, мерт қылды
-
21:07, 20 маусым 2025
Найзағай, бұршақ, дауыл: елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:52, 20 маусым 2025
Көкшетауда 70 жастағы дәрігер есірткі дәрілеріне жалған рецепт жазды деген күдікпен ұсталды