АҚШ-тағы мигранттарға арналған жаңа ережелер: қазақстандықтар нені білуі керек
© Сурет: ҚР Қаржы министрлігі
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) Елшілігі маңызды мәлімдеме жасады. Онда қазақстандықтарға АҚШ-тың шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталған көші-қон саясатын қатаңдату туралы ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дипломатиялық өкілдіктің мәлімдемесінде:
Құрметті Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары! ҚР АҚШ-тағы Елшілігі Америка Құрама Штаттары шекара қауіпсіздігін нығайту және заңсыз миграцияны азайту мақсатында миграциялық саясатын барынша қатаңдатқанына назарларыңызды аударады. Шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз миграцияны азайтуға бағытталған шаралар елге заңсыз келген шетелдіктерге (визасыз келген және тұрақты тұруға рұқсаты жоқ азаматтар) және АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарға қатысты болып отыр. Қамауға алу және елден шығару сынды мәжбүрлеу шараларымен қатар, АҚШ-қа қайта кіруге шектеулер енгізіліп, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттар мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді жою қарастырылуда.
АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге (құжаты жоқ, жарамсыз виза мен тұрақты тұруға рұқсаты (Грин Карта) және басқа құжаттар болмауы) елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр.
Бұл шара Қазақстан азаматтарының депортацияға ұшырау қаупін азайтуға және оның салдарынан болашақта АҚШ визасына өтініш бергенде ел аумағына кіруге тыйым салынуынан сақтануға көмектеседі.
Тағы бірқатар өзгерістерді атап өтуге болады:
- "Мексикада қалыңыз" саясаты қайта енгізілді, яғни мигранттар және саяси баспана сұрайтындар миграциялық сотқа шақырғанға дейін Мексикада қалуға міндеттеледі;
- "Ұста да жібер" (catch and release) шарасы тоқтатылды. Бұл АҚШ шекарасынан заңсыз өткен мигранттар ісі қаралмайынша қамауда болатындығын білдіреді. Оларды арнайы орталықтарға қамап, немесе бірден келген елдеріне қайтаратын болады.Сонымен қатар азаматтар үшінші елдерге де жіберілуі мүмкін (мысалы, "Мексикада болу" бағдарламасы бойынша);
- Шартты түрде уақытынан ерте босататын немесе АҚШ-қа кіруге алдын-ала жеңілдіктер қарастырылған "CBP One" мобильдік қосымшасы жұмысын тоқтатты.
АҚШ көші-қон заңнамасындағы өзгерістер туралы ресми ақпаратты келесі ресурстардан бақылап отыруды ұсынамыз:
- АҚШ азаматтығы және иммиграция қызметі (USCIS);
- АҚШ Мемлекеттік департаменті – Консулдық мәселелер бюросы
Төтенше жағдайлар немесе консулдық-құқықтық көмек қажеттілігі туындаған жағдайда, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
- Қазақстан Республикасының Елшілігі: +1 202 232 5488 ішкі 127, 109, 121;
- ҚР Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы: +1 332 207 9632;
- ҚР Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы: +1 650 741-8894.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:16, 27 қаңтар 2025
Азиада-2025: биатлоннан Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді
-
23:05, 27 қаңтар 2025
Алматы облысында Есік көліне апаратын жол екі айға жабылды
-
22:42, 27 қаңтар 2025
Алматыда үш қабатты әкімшілік ғимарат отқа оранды
-
22:38, 27 қаңтар 2025
Алматыда Ленинградтың блокададан босатылуының 81 жылдығы атап өтілді
-
22:20, 27 қаңтар 2025
«Тұман, боран, көктайғақ». Синоптиктер еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады