Трамп 1,5 млн палестиналықты араб елдеріне көшіргісі келеді

12:57, 27 қаңтар 2025

© Фото: unsplash

Трамп кемі 1,5 миллион палистиналықты көрші араб елдеріне көшіргісі келеді. АҚШ президеті бұл ойын БАҚ өкілдеріне ашық айтты.

Иордания королі ІІ Абдулламен хабарласып өтінішін білдіріп те үлгерген. Енді Мысыр президентіне де осындай ұсыныс жасамақ.

Бұл мәлімдеме палестиналықтардың наразылығын тудырды. "ХАМАС-та", Палестина әкімшілігі де ұсынысты қатаң сынға алды. Иорданияның сыртқы істер министрі корольдіктің палестиналықтарды көшіруге түбегейлі қарсы екенін айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Соңғы 15 айда соғыс салдарынан Газа тұрғындарының көпшілігі үйлерінен қуылды, ал аймақ инфрақұрылымының басым бөлігі жойылды. БҰҰ-ның есебіне қарағанда, Газадағы ғимараттардың 60%-ы қираған және оларды қалпына келтіруге ондаған жыл қажет болуы мүмкін.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!