Астанада мас күйінде көлік басқарған азамат жауапқа тартылды

13:14, 29 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Алайда соған қарамастан, кейбір жүргізушілер тарапынан өрескел құқық бұзушылықтар әлі де тіркеліп отыр.

Мәселен Сарытоғай көшесінде Toyota Crown автокөлігін басқарған 23 жастағы азамат мас күйінде рөлге отырғаны үшін полиция қызметкерлерімен тоқтатылды.

Аталған дерек бойынша елордалық полиция қызметі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік және түсіндіру жұмыстарын күшейтіп келеді. Әсіресе, жылдамдықты шамадан тыс асыру және мас күйінде көлік басқару сияқты өрескел құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылуда.

Астана қаласы полиция департаменті жүргізушілерге жолдағы әрбір әрекет тек өз қауіпсіздігіне ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен амандығына тікелей әсер ететінін ескертеді.

Осыған байланысты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – қайғылы оқиғалардың алдын алудың негізгі кепілі болып қала бермек.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!