Түркістанда 16 жастағы қызды зорлаған 70 жастағы ер адамға үкім шықты
© Сурет: Zakon.kz
Түркістанда жасөспірім қызды зорлаған 70 жастағы педофилге сот үкімі шықты. Көршінің қызына қол салған зейнеткер 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, оқушы қыздың жүкті екенін жақындары былтыр қазан айында, жеті айлық мерзімінде бір-ақ білген. Сұрастырған кезде көрші қарттың ісі екені белгілі болды.
Келес ауданының тұрғыны көрші үйдің ересегі жоқ кезде үш күн қатарынан түнде келген. Бұл кезде үйде 16 жастағы оқушы қыз бен оның екі жасар сіңлісі ғана болған. Қазір өзге өңірге көшіп кеткен жәбірленуші сол кезде ұл бала босанған.
Сотталушы кінәсін мойындамады. Алайда сот оның кінәсі толық кінәлі деп тапты.
"Сараптама өткізілген, нәтижесінде ұл бала 99,99% сотталушының ұлы деген қорытынды берілген. Үш күн қатар болған. Көрші тұрады, сол күндері жәбірленушінің анасы Астанада болған, сауда жұмысымен кеткен. Әкесі күзетші болып істейді, түнгі ауысымға шыққан кезде, соны пайдаланып үйіне кірген".Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Дәурен Мадалиев
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:22, 24 ақпан 2026
Алматыда үш күнде жолаушылар тасымалы саласында 1,4 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелді
-
21:51, 24 ақпан 2026
Астанада аязға байланысты оқу форматы өзгертілді
-
21:01, 24 ақпан 2026
Алматыда ЖҚАЖ қызметкерлері танысын жарақаттаған күдіктіні ұстады
-
20:58, 24 ақпан 2026
25 ақпанда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:34, 24 ақпан 2026
Отбасы банк наурыздан бастап тұрғын үй кезегінің тәртібін өзгертеді





