Отбасы банк наурыздан бастап тұрғын үй кезегінің тәртібін өзгертеді
© Фото: zakon.kz
Отбасы банк 2026 жылғы 2 наурыздан бастап тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін үлестіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы сәттен бастап инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті қадамға айналады.
"Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, оны кезектен шығармайды. Алайда ол қанша уақыт кезекте тұрса да, тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды. Түгендеуден өтпеген жағдайда банк оған жалдамалы тұрғын үйді де, сондай-ақ 2% және 5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігін де ұсына алмайды", - делінген банк таратқан хабарламда.
Қазіргі таңда кезекте тұрған азаматтардың ішінде 257 000 адам түгендеуден өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:51, 24 ақпан 2026
Астанада аязға байланысты оқу форматы өзгертілді
-
21:01, 24 ақпан 2026
Алматыда ЖҚАЖ қызметкерлері танысын жарақаттаған күдіктіні ұстады
-
20:58, 24 ақпан 2026
25 ақпанда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:24, 24 ақпан 2026
Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайды
-
19:56, 24 ақпан 2026
Жамбыл облысында заңсыз қайта жабдықталған автобус анықталды





