Павлодарда зейнеткер әйел 2 млн теңгеден астам қаражаттан айырыла жаздады
© Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында зейнеткерге алаяқтар хабарласып, одан қаражат талап еткен.
Үй телефоныма белгісіз ер адам қоңырау шалды, өзін Ұлттық банк қызметкерімін деп таныстырып, құжаттарды шұғыл түрде қайта рәсімдеу қажеттігін айтты.
"Сұхбат барысында ол менің банктегі есепшотымда қандай сома бар екенін сұрады. Мен есепшотта 2 млн теңгеден астам қаражат бар екенін айттым. Кейін оның нұсқауымен 1 млн 300 мың теңгені аударып бердім. Кейін ер адам қайта қоңырау шалып, үйге көлік келіп, мені көрсетілген мекенжайға жеткізетінін айтты. Сол уақытта жүргізушімен сөйлеспеуім туралы қатаң нұсқау берді. Барлық уақыт бойы ол WhatsApp мессенджері арқылы байланыста болып, нақты нұсқаулар беріп отырды", – дейді полицияға жүгінген зейнеткер.
Барлық әрекеттер телефон арқылы алаяқтың нұсқауымен жасалған. Зейнеткерге ешкіммен сөйлесуге және туыстарымен бұл тақырыпты талқылауға мүмкіндік берілмеген. Алаяқтар оны тәулік бойы құрығында ұстап отырған.
Әйел қалған соманы аудару үшін банкке барған кезде, банктегі қызметкер оның мінез-құлқына мән беріп, полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлері келгенде қосымша заңсыз әрекеттердің алдын алып, қалған қаражаттың аударылуына жол бермеді.
Сондай-ақ зейнеткерге бұрын аударған қаражатты қайтаруға көмектесті. Зейнеткер мен оның жұбайы полиция қызметкерлеріне жедел әрі кәсіби жұмысы үшін үлкен алғыс білдіріп, сол арқылы қаржылық жинақтарының маңызды бөлігін сақтап, ұрланған қаражатты қайтаруға мүмкіндік алғандарын айтты.
Полиция еске салады: банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері телефон арқылы қаражат аударуды талап етпейді және азаматтарды такси арқылы банкоматқа жібермейді. Осындай қоңыраулар келген жағдайда сөйлесуді дереу тоқтатып, 102 нөмірі арқылы құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:46, 25 ақпан 2026
Қарағандылық күдікті 32 алаяқтық жасап, азаматтарды 20 млн теңгеге алдаған
-
10:18, 25 ақпан 2026
Жамбыл облысында автобус паркінің 25 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды
-
10:08, 25 ақпан 2026
Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді
-
09:57, 25 ақпан 2026
Павлодарда зейнеткер 2 млн теңгеден астам қаражаттан айырыла жаздады
-
09:46, 25 ақпан 2026
Өлім-жітім деңгейі бойынша ең қауіпті 10 вирус аталды





