Астанада аязға байланысты оқу форматы өзгертілді

21:51, 24 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

Астанада 2026 жылғы 25 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты кейбір сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана білім басқармасы хабарлады.

"Ауа райының нашарлауына (ауаның температурасының төмендеуіне) байланысты 2026 жылғы 25 ақпанда бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!