Астанада құрылыс нысанынан ұрлық жасаған күдікті анықталды
© Фото: polisia.kz
Астана қаласында құрылыс нысандарының бірінде мүліктік қылмыс тіркелді.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған күдіктінің жеке басы анықталды.
Тергеу барысында 18 жастағы жігіттің құрылыс объектісіне еркін кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын түрде иемденгені белгілі болды.
Атап айтқанда, ол құрылыс алаңынан кабель өнімдерін ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 180 мың теңгені құрайды.
Аталған қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен ашылды. Камера жазбаларын талдау барысында күдіктінің әрекеті толықтай тіркеліп, оның қозғалыс бағыты анықталған. Соның негізінде полицейлер күдіктіні жедел түрде ұстады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:13, 16 наурыз 2026
Қарағандыда қызметтік иттің көмегімен «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді
-
13:04, 16 наурыз 2026
Түркістан облысында мал ұрлығын жасаған күдікті құрықталды
-
12:42, 16 наурыз 2026
Павлодар облысында заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заттары тәркіленді
-
12:34, 16 наурыз 2026
Тимур Бекмамбетовтың фильмі мен Сильвестр Сталлоненің қызы Голливудтағы «ең нашарлар» тізіміне енді
-
12:28, 16 наурыз 2026
Алматыдағы Назарбаев даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі





