Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды: полиция не болғанын түсіндірді
© Сурет: Threads/qyzuq_angime
Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды. 2026 жылғы 7 қазанда әлеуметтік желіде оны пышақтап өлтіргені туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
""Шапағат" базарының маңында, көшеде әйелді пышақтап өлтірген дейді..." – делінген Threads желісінде жарияланып, кейін өшірілген жазбада.
Астана полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, кісі өлтіру туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
""Шапағат" базары маңында әйелдің өлтірілгені туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Базардың алдынан 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оның денесінде зорлықпен өлтірудің сыртқы белгілері болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", – деп хабарлады полиция.
Тұрғындарға жалған ақпарат таратпай, ресми дереккөздерге сену керектігі ескертілді.
Бұған дейін Астанада әйелдің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза табуына байланысты тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған еді. Оқиға үй маңындағы көшеде болған. Марқұм оқиғаға дейін бұрынғы жұбайының үстінен шағым түсірген. Осы істі тергеу аясында қаланың жоғары лауазымды полиция қызметкерлері қызметінен босатылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 8 қазан 2026
Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді
-
16:50, 8 қазан 2026
Маңғыстау облысында жолаушыдан 136 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді
-
16:45, 8 қазан 2026
Мексикалық рестлер жекпе-жек кезінде 75 жастағы төрешінің өліміне себеп болды
-
16:34, 8 қазан 2026
Алматының барлық сегіз ауданында жылу беру мәселесіне жауапты мамандар белгіленді
-
16:23, 8 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентімен бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылады





