Астанада корпоративтік басқару бойынша Ұлттық форум жұмысын бастады
© Сурет: Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форум
2024 жылдың 7 қарашасында- елордада Корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық форум жұмысын бастады.
2024 жылдың 7 қарашасында- елордада "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасы жанындағы корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық кеңестің және "Qazaq Independent Directors" Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының қолдауымен, Корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық форум жұмысын бастады.
Форумның бас серіктесі – Kaspi.kz компаниясы, стратегиялық серіктестер – KPMG және Solidcore Resources компаниялары.
Форум серіктестері: OEСD, IFC, KASE, МФЦА, Ecoton+, AlmaU, MIND MNU және басқа компаниялар.
Биылғы форумның негізгі тақырыбы: "Корпоративтік басқару-Қазақстан Республикасының экономикасын ырықтандырудяң (либерализация) императиві".
Форумның пленарлық отырыстары мынандай мәселелерді қарастырады: "Қазақстан Республикасының корпоративтік басқаруы үшін өзекті сын-қатерлері" және "Корпоративтік басқару- ұзақ мерзімді табыстың формуласы ретінде".
Сондай-ақ, қатысушыларды аудиторлық компаниялардың, қаржы институттары мен даму қорларының жетекші мамандарынан төрт сессия және халықаралық сарапшылардың интерактивті мастер-класстары күтеді, онда қаралатын тақырыптар:
- "Директорлар кеңесінің мүшесі кімнің мүдделерін ұсынады?";
- "Қаржы нарығы, ESG және әртүрлілік (diversity)";
- "Орта және отбасылық бизнеске арналған корпоративтік басқару";
- "Білім беру саласындағы корпоративтік басқару: тәжірибе және перспективалар";
- "Стартапта директорлар кеңесінде жұмыс істеу және жаңа мүмкіндіктер табу стратегиялары";
- "Компанияның беделі мен бренді. Компания құнын қалай арттыруға болады?";
- "AI-дың директорлар кеңесі мен киберқауіптің тәжірибесіне әсері".
Іс-шараны ұйымдастырушылар, өздерінің сараптамасы мен тәжірибесі корпоративтік басқарудағы ескі жүйенің "Рубиконын еңсеруге" және Қазақстандық бизнес үшін шаруашылықты жүргізу жағдайларын жақсартатын мүлдем жаңа парадигма құруға мүмкіндік беруі үшін форум спикерлерін мұқият таңдады.
Сурет: Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форум
Алғаш рет, форум аясында "Директорларға арналған нұсқаулық" кітабы және "Қазақстан Республикасындағы директорлар кеңесінің практикасына шолу – 2024" ғылыми зерттеуі таныстырылады.
Бір алаңда корпоративтік басқару саласындағы халықаралық және Қазақстандық сарапшылар, бизнес-көшбасшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің өкілдері жиналатын осындай көлемдегі форум тікелей диалог құруға және мемлекет мүдделері мен корпоративтік басқарудың озық практикасы мен оларды енгізу жолдары арасындағы тепе-теңдікті табуға мүмкіндік береді.
Сурет: Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық форум
"Біз корпоративтік басқару жөніндегі форумды жыл сайынғы негізде өтеді және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізуге бағытталған барлық компаниялар үшін сараптамалық алаң болады деп үміттенеміз", – деп қорытындылады форумды ұйымдастырушылардың бірі- "Qazaq Independent Directors" қауымдастығының Байқау кеңесінің төрағасы Еран Әукенов.
Форум корпоративтік басқарудың негізгі мәселелерін талқылау және оның озық тәжірибелерін енгізу тәжірибесімен алмасу үшін, барлық мүдделі тараптар үшін бірегей мүмкіндік жасауға бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:25, 7 қараша 2024
Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан үкіметі арасындағы экология туралы келісімді ратификациялады
-
18:03, 7 қараша 2024
Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
-
17:47, 7 қараша 2024
Екі жаңа рекорд: Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші күнінің нәтижелері
-
17:31, 7 қараша 2024
Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды
-
17:20, 7 қараша 2024
Шығыс Қазақстан облысында негізсіз ақталған тұрғынның үкімі өзгертілді