Астанада көктайғақ кезінде жарақат алған тұрғындар медициналық көмек алу үшін қайда жүгіне алады

11:55, 6 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

Елордада көктайғаққа байланысты травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаладағы барлық травмпункт, сондай-ақ емханалар жанындағы шұғыл медициналық көмек бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Ауа райының қолайсыз кезеңінде қала тұрғындарын барынша сақ болуға шақырамыз. Тайғанамайтын табаны бар, мүмкіндігінше өкшесіз аяқ киім кию маңызды. Бұл жарақат алу қаупін азайтады. Әсіресе балалар мен егде жастағы тұрғындар үйден шықпағаны жөн", – дейді мамандар.

Жарақат алған жағдайда медициналық көмек көрсету пунктеріне дереу жүгіну қажет.

Басқармада атап өткендей, қаладағы барлық травматологиялық пункт тәулік бойы жұмыс істейді. 103 жедел жәрдем қызметі штаттық режимде қызметін жалғастыруда. "Қаладағы медициналық ұйымдарда пациенттер мен жедел жәрдем көліктерінің қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін көктайғақтың алдын алу шаралары ұйымдастырылған", – деп хабарлады ұйым өкілдері.

Ересек тұрғындар үшін травматологиялық пунктер мына мекенжайларда орналасқан:

  • Р.Қошқарбаев даңғылы, 66 (№1 көпбейінді қалалық аурухана);
  • Ә.Молдағұлова көшесі, 26Б (№3 көпбейінді қалалық аурухана);
  • Абылай хан даңғылы, 15а (Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы).

Балаларға арналған травматологиялық пунктер мына мекенжайларда жұмыс істейді:

  • Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 (№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы);
  • Желтоқсан көшесі, 34 (№2 қалалық емхана).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!