Астанада кісі толы аялдамаға қойып кеткен Mazda жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
© Сурет: әлеуметтік желіден алынды
29 қыркүйекте Астанада Mazda 6 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Байтұрсынов көшесінде бір топ адам тұрған аялдамаға соғылған. Осы фактіге қатысты тергеу амалдары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі, "Абайсызда бірнеше адамның денсаулығына ауыр залал келтіруге әкеліп соққан жол қозғалысы тәртібін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, 29 қыркүйекте сағат 08.31-де Mеrcedes-Benz көлігі Байтұрсынұлы көшесімен Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан Mazda көлігіне апатты жағдай туындатқан. Салдарынан Mazda жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылды. Салдарынан 8 адам ауруханаға жеткізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





