Астанада қарлы боран, Алматыда жылы: алдағы үш күнде мегаполистерде ауа райы қандай болады
© Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы болжанғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
30 қараша көшпелі бұлтты, кей жерлерде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0 градус шамасында.
1 желтоқсан көшпелі бұлтты, кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14м/с, 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5° жылы, күндіз 1-3° жылы.
2 желтоқсан көшпелі бұлтты, кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14м/с, 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6°, күндіз 0-2° жылы.
Алматы
30 қарашада бұлт басады. Таңертең және күндіз жаңбыр, тұман болады. Солтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5+7°.
1 желтоқсан көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын, тұман болады. Батыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°, күндіз +6+8°.
2 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°, күндіз +7+9°.
Шымкент
30 қараша көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1+1°, күндіз +7+9°.
1 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз +10+12°.
2 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз +10+12°.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





