АҚШ Украинаға барлау мәліметтері мен қару жеткізуді тоқтатуы мүмкін

10:55, 13 қазан 2026
MKZ: 1572018

© Сурет: president.gov.ua

Дональд Трамп әкімшілігі Украина мен оның Еуропадағы одақтастарына Киев Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы беруді тоқтатпаса, АҚШ барлау ақпараттарымен алмасуды және Украинаға америкалық қару-жарақ сатып алуды тоқтататынын ескерткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Пентагонның ескертулері демалыс күндері Украина мен Еуропадағы ресми тұлғаларға жеткізілген. Олардың қатарында америкалық әскери қызметкерлердің украиналық қолбасшыларға тікелей жолдаған хабарламалары да бар.

Америкалық келіссөз жүргізушілер Украина тарапына АҚШ-тың оқ-дәрілер мен барлау мәліметтерін жеткізетін сенімді серіктес екенін айтқан. Сондықтан Киев америкалық тұтынушыларға зиян келтіруі мүмкін әрекеттерге бармауы керектігін ескерткен.

Жағдайдан хабардар тағы бір дереккөз АҚШ-тың барлау ақпараттарымен алмасуды қысқартамыз деп қорқытқанын мәлімдеді. Бұл туралы алғаш болып Financial Times басылымы хабарлаған.

Мұндай ескертулер АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскийге Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдарға байланысты наразылығы күшейген тұста айтылды.

Трамп әлемдік дизель отыны бағасының өсуіне Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты жиі себеп етіп, екі тарапты да энергетикалық нысандарға шабуыл жасауды тоқтатуға шақырып келеді. АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстар да отын бағасының қымбаттауына әсер еткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!