Астанада «Бірлік жүгірісі 2025» іс-шарасы кезінде бірнеше көше жабылады
© Сурет: pixabay
Астанада 1 мамырда "Бірлік жүгірісі 2025" республикалық жарысы өтеді. Іс-шараны өткізу кезінде көшелердің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың басталуы EXPO маңында өтеді. Іс-шараны өткізу кезінде Түркістан мен Ақмешіт көшелерінің учаскелеріндегі көлік қозғалысы мына кесте бойынша шектеледі:
- 30 сәуірде сағат 20:00-ден бастап Түркістан көшесінде EXPO жанында арка орнату үшін;
- 1 мамырда сағат 6:45-тен 10:00-ге дейін Ақмешіт, Түркістан көшелері EXPO-дан "Бәйтерек" монументіне дейінгі аралықта.
"Бірлік жүгірісі 2025" республикалық жарысы Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған және "Бірлігімізге 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл" ұранымен өтеді. Жарыстың мақсаты – Қазақстанның барлық этносын дені сау және ұйымшылдыққа деген біртұтас ұмтылысқа біріктіру. Іс-шараға ересектер де, балалар да шақырылады.
Жүгіру қашықтығы:
- 1 км – балалар мен инклюзивті жүгіру;
- 5 км – скандинавиялық жүріс;
- 5 км – жаппай қолдау жүгіру іс-шарасы;
- 10 км және 21,1 км – сертификатталған трассалар (жас бойынша санаттар);
- 30 км – командалық эстафета (6×5 км, командада кемінде бір әйел).
Қатысушылардың жиналуы 1 мамыр күні таңғы сағат 05:30-да басталады. Таңғы 7-ден бастап жүгіру басталады. Іс-шара соңында қонақтар жүлделер ұтысын күтеді.
Бұған дейін Алматыдаңы жүгіру марафоны кезінде екі адамның көз жұмғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





