Астанада балалар көпқабатты үйдің балконынан құрдастарын құлатқысы келген
© Фото: akorda.kz
Қазнет пайдаланушылары Астанадағы көпқабатты үйдің балконынан құрдастарын лақтырғысы келген балалар тобының мінез-құлқына таң қалды. Оқиғаға елордалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейне бүгін, 2024 жылдың 9 қыркүйегінде Telegram арналардың бірінде жарияланды. "Sezim Qala" тұрғын үй кешенінің ауласында түсірілген кадрларда оқиғаны ұйымдастырып тұрған бала, құрдастарын өзінің "құлдары" ретінде таныстырады.
"Бүгін біз оны лақтырамыз... Танысыңыздар, бұл менің құлдарым. Олар оны көтеруге келісті... Оның өзі бізді "өз – өзіне қол жұмсауымызды" сұрады", — деді бала.
Сонымен бірге, жәбірленуші ретінде таңдалған адам оны тастауға келісе ме деген сұраққа басын теріс бұлғады. Осыған қарамастан, бір топ балалар құрдастарының қолдары мен аяқтарын ұстап, үшінші қабатқа көтерілді. Бақытымызға орай, бала ауыр болып олар оны көтере алмады, бірақ балалар оның курткасын үшінші қабаттан лақтырған.
Баланың ата-анасы полицияға барып, кінәлілерді жазалауды талап етті.
Сондай-ақ, бейнежазбаны көрген әлеуметтік желі қолданушылары да балаларды, ата-аналарымен бірге жазалауға шақырды:
- Масқара
- әке-шешелері шаруасы жоқ мына балалармен, тамақ-киім әпергенге мәз өздері!э
- Балаға қой бұның болмайды, қажет кезде тәйт деп сес көрсету керек.
- Балалармен қоса ата аналарында жазалау керек
- Шыныменде бала құлап кеткенде не болар еді. Қазір балдар телефоннан неше түрлі ойын, видеоларды көріп, соны жасап көрмекші болғанығой. Балдарға сенуге болмайды. Қаспен көздің арасында бірдеңе бүлдіріп отырады.
- Әрқашанда балаларды қайтаратын жерде қайтарып, ұрсатын жерде ұрсып, сипайтын жерде сипау керек.
"Бұл факт тіркелді, тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды, заңды өкілдердің қатысуымен мән-жайлар анықталды. Нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады".Астана ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Атырауда жеке балабақшалар бөтен балалар үшін миллиондаған сомаға мемлекеттік тапсырыс алып келгені белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:01, 15 қаңтар 2025
Қостанайда интернет-алаяқтар көбейді
-
22:55, 14 қаңтар 2025
Тұман, қар, жаяу бұрқасын: 15 қаңтарда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
22:10, 14 қаңтар 2025
«Қазақтелеком» Tele2/Altel-ді қатарлық компанияға сатты
-
22:04, 14 қаңтар 2025
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан бір адамды құтқарды
-
21:59, 14 қаңтар 2025
Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылары