Астанада автобуста қымбат телефон ұрлаған күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Астана полициясының жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері қалта ұрлығын жасаған деген күдікпен 31 жастағы ер адамды ұстады.
62 жастағы қала тұрғыны бір автобустан екіншісіне ауысу кезінде қымбат телефонының жоғалғанын байқап, бірден полицияға хабарлаған.
Тексеру барысында полицейлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап шығып, күдіктінің әйелдің қалтасынан телефонды білдірмей алып, келесі аялдамада түсіп қалғанын анықтады.
Күдіктінің жеке басы тез арада анықталды – оның бұрын да осындай қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.
Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарға қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналатын орындарда сақ болуды, бағалы заттар мен ақшаны сыртқы қалтада сақтамауды ескертеді.
Егер мүлік жоғалған жағдайда, бірден полицияға хабарласу қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:38, 24 қараша 2026
Әсем Орынбай стенд атудан әлем кубогының финалында бақ сынайды
-
19:20, 24 қараша 2026
«Үйге қашан жетеміз?!»: Алматыда көлік кептелісі күшейді
-
19:12, 24 қараша 2026
Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» кітабының тұсаукесері өтті
-
19:03, 24 қараша 2026
Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді
-
18:49, 24 қараша 2026
Қазақстанның сегіз облысында желдің жылдамдығы 30 м/с-тан асуы мүмкін





