Астанада автобус жолақысы 150 теңге болып, қымбаттауы мүмкін
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада 2026 жылдың желтоқсанынан бастап қоғамдық көлікте онлай төлем жасау 110 теңгеден 150 теңгеге қымбаттату ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 5 қазанда, елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Пайдалану шығындарының өсуіне, қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, автобус паркін одан әрі жаңарту және маршруттық желіні дамыту қажеттілігіне байланысты 1 желтоқсаннан бастап қолма-қол ақшасыз төлем жасағандағы жолақы құнын 150 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылады", – делінген хабарламада.
Берілген ақпаратқа сәйкес, Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 2014 жылы 90 теңге болатын. Содан бері 12 жыл ішінде жолақы құны бір-ақ рет қымбаттап, қазіргі уақытқа дейін 110 теңге.
Сонымен қатар 2014 жылдан бері тасымалдаушылардың негізгі шығындары айтарлықтай өскен. Олардың қатарында жанармай, қосалқы бөлшектер мен жаңа автобустардың бағасы, сондай-ақ жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығындар бар.
Мәселен, 2014 жылы дизель отынының бір литрі шамамен 107 теңге болса, қазір оның бағасы 329 теңгені құрайды. Осылайша, аталған кезеңде дизель отынының бағасы үш еседен астам өскен.
Жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығын да айтарлықтай артқан. Егер 2014 жылы жүргізушілердің орташа жалақысы шамамен 100-150 мың теңге болса, қазір автобус класы мен жұмыс режиміне байланысты 700 мың теңгеден басталады.
Осы кезеңде қосалқы бөлшектердің, автокөлік шиналарының, аккумуляторлардың, автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ жаңа көлік құралдарын сатып алу құны да едәуір қымбаттаған.
Пайдалану шығындарының айтарлықтай өсуіне қарамастан, елордада қоғамдық көлікті жаңарту және дамыту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатқаны атап өтілді. Соңғы үш жылда тасымалдаушылар заманауи қауіпсіздік, жайлылық және экологиялық талаптарға сай 1127 жаңа автобус сатып алған.
Бұл ретте Астанада тұрғындарға арналған қолданыстағы әлеуметтік қолдау шаралары сақталады. Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 29 наурыздағы №244/30-VI шешіміне сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде тегін жүру түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Ал тегін жүру құқығы мына санаттағы азаматтарға беріледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
2) жасы және еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ зейнет жасына жеткен жасы бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
3) көпбалалы аналар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) мүгедектігі бар адамдар;
6) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) бірі;
7) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" ҚР Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдар.
Сонымен қатар 2020 жылғы наурыздан бастап Астанада оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен бірге жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізілген есептеулер бойынша, 2026 жылы бір сапардың орташа есептік құны қолданыстағы жолақыдан едәуір жоғары.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:50, 5 қазан 2026
Қазақстанда қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеді – Сәденов президентке есеп берді
-
15:49, 5 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
-
15:42, 5 қазан 2026
Семейде жергілікті университеттің алты студентінен жауап алынды: ҚМА себебін түсіндірді
-
15:32, 5 қазан 2026
Денсаулық сақтау министрлігі Иркутскідегі инфекция қаупіне қатысты түсініктеме берді
-
15:20, 5 қазан 2026
Астананың қай аумақтарында көпқабатты үй салуға тыйым салынды





