Астанада автобус жолақысы қашан қымбаттайтыны белгілі болды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана әкімдігі қоғамдық көлікте жол жүру құнын көтерудің жоспарланған мерзімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құнын қолма-қол ақшасыз төлем жасаған жағдайда 150 теңгеге дейін көтеру 2026 жылғы желтоқсанның ортасынан бастап жоспарланып отыр. Бұл туралы 2026 жылғы 9 қарашада елорда әкімдігі хабарлады.
Қазір автобуста бір рет жүру құны – 110 теңге. Тасымалдаушылардың мәліметінше, 2014 жылдан бері тариф тек бір рет қайта қаралған. Ол кезде жолақы 90 теңге болған.
Жол жүру құнын көтеру қажеттілігі қоғамдық көлікті күтіп ұстауға жұмсалатын шығындардың артуымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, дизель отынының бағасы литріне 107 теңгеден 329 теңгеге дейін қымбаттаған. Ал жүргізушілердің жалақысы 100-150 мың теңгеден 700 мың теңгеге және одан жоғары деңгейге өскен.
Бұдан бөлек, тасымалдаушылар қосалқы бөлшектер, шиналар, жөндеу жұмыстары мен жаңа автобустар сатып алуға кететін шығындардың да артқанын атап өтті.
Әкімдік кейбір азаматтар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру құқығы сақталатынын еске салды. Бұл жеңілдік зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға және Астанада білім алатын 18 жасқа дейінгі балаларға қолданылады.
Бұған дейін Астанада қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифтері бекітілгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:41, 10 қараша 2026
Түркиядағы зауытта жарылыс болып, 10 адам қаза тапты
-
11:37, 10 қараша 2026
Арина Соболенко WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады
-
11:16, 10 қараша 2026
Бензин 2027 жылдың соңында күрт қымбаттауы мүмкін бе: Энергетика министрі жауап берді
-
11:08, 10 қараша 2026
Абай облысында алтынды заңсыз өндіру ісі бойынша тоғыз адам тергеуге алынды
-
10:57, 10 қараша 2026
«Суық әлі алда». Бектенов жылыту маусымының басталуына байланысты қандай тапсырмалар берді





