Астанада артқа жүрген көлік автобус аялдамасын қиратты - видео

20:40, 5 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

Оқыс оқиға Орталық саябақтың автотұрағы маңында болды. "Toyota Alphard" автокөлігінің жүргізушісі артқа жүру кезінде газды тежегіш тетігімен шатастырып басқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cалдарынан автобус аялдамасы павильонының әйнегі күл-талқан болды.

"Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Мүлікке келтірілген залал заңда белгіленген тәртіппен өндірілетін болады. Полиция департаменті жүргізушілерге көлікті басқару кезінде, әсіресе демалыс орындарында және адамдары көп жерде өте мұқият болуды ескертеді". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанада көлігі қалың көше қилысында жүк көлігі отқа оранғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!