Астана көшелері гүлге оранды
Төрткүл дүние көз тіккен Астананың гүлге оранып, түрлене түскенін байқамау мүмкін емес.
Көздің жауын алатын қызылды-жасылды гүлдер композициясы – флористердің тынымсыз еңбегінің арқасы. Бүгінгі күнге дейін елорда көшелеріне 7 миллионнан астам гүл отырғызылып, жүздеген өсімдік композициясы орнатылған. Халықаралық ЭКСПО көрмесіне келген мыңдаған турист елордамыздың сұлулығына тамсанып, аз уақыт ішінде қаланың адам танымастай өзгергенін айтуда. Қуантарлығы, әсем гүлдер бірінші қар жауғанша шаһардың шырайын келтіріп, көрігін асырмақ.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





