Астана қаласының прокуратурасы Бишімбаевтың Байжановқа қысым жасаған-жасамағанын тексерді

19:00, 24 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы барысында оның немере ағасы Бақытжан Байжановқа қысым жасаған-жасамағаны тексерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Байжанов сот тергеуі кезінде өзіне Бишімбаев тарапынан қысым болғанын мәлімдеуіне байланысты сот аталған фактіні тексеру туралы қаулы шығарды.

"Ол Бишімбаевтың өзіне қысым көрсетіп, оның пайдасына куәлік беруге итермелейтінін айтты. Сот Байжановтың дәлелдерін тексеру туралы қаулы шығарды. Осыған байланысты Астана қаласының прокуратурасынан жауап келіп түсті, онда Байжановтың дәлелдері расталмағаны көрсетілген", - деді судья.

24 сәуірде Бишімбаев пен Байжанов істері бойынша келесі сот жарыссөздерінің күні белгілі болды.

2023 жылы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға астаналық Bau мейрамханасында болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!