Астана қаласы полиция департаментінің жол-патрульдік ротасының және прокуратураның бұрынғы қызметкері ұсталды

12:00, 9 маусым 2023

© Сурет: Zakon.kz

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы полиция департаментінің жол-патрульдік қызмет ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғыьқызметкерін сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп күдіктеніп отыр

"Ол прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басрасөз қызметі

8 маусымында тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

"Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басрасөз қызметі

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!