Астана әуежайында жолаушыларға арналған маңызды аймақ уақытша жабылды
© Фото: Zakon.kz
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жөндеу және жаңғырту жұмыстарына байланысты ана мен бала бөлмесі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі әрлеу жұмыстары жаңартылып, жиһаз ауыстырылады, санитарлық жағдай жақсартылып, кішкентай баласы бар ата-аналар үшін барынша жайлы кеңістік жасалады.
Қазіргі уақытта ана мен бала бөлмелерінің бірі жаңғырту кезеңінен өтіп жатыр және толықтай жаңартылады.
"Жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде жолаушыларға балалы ата-аналар үшін уақытша баламалы күту аймақтары ұсынылады. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі мен ана мен бала бөлмесінің қайта ашылуы туралы қосымша хабарланады", — деп мәлімдеді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 11 маусым 2026
Алматы тауларында жас жігіт квадроциклмен апатқа ұшырап, көз жұмды
-
14:49, 11 маусым 2026
Италияда қазақстандық студент қаза тапты
-
14:33, 11 маусым 2026
Жамбыл облысына дронның құлауы: Қорғаныс министрлігі алдын ала себепті атады
-
14:19, 11 маусым 2026
БҚО делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
-
14:07, 11 маусым 2026
Рақымшылық зорлықшыларға қолданылмайды – Сенат заңды мақұлдады





