Астана дәмханаларының бірінен қонақтардың жеке заттарын ұрлаған күдікті ұсталды

© Фото: Zakon.kz
Астана қаласының Есіл аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орында жасалған ұрлық дерегін әшкереледі.
Түскі уақытта күдікті ретінде танылған 49 жастағы ер адам дәмханалардың біріне кіріп, келушілермен бірге түскі ас ішкен.
Алайда оның басты мақсаты ас ішу емес, арам пиғылын жүзеге асыру болған. Ол дәмханада отырған бір келушінің үстел үстінде тұрған сөмкесін сырт киімімен бүркеп, ұрлап кеткен. Ас ішіп болған соң, көзге түспей дәмханадан шыққан.
Сөмке ішіндегі 20 мың теңге ақшамен қатар, жәбірленушінің атына рәсімделген банктердің төлем карталарындағы жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам қаражатты да иемденіп үлгерген.
Жәбірленуші бұл туралы бірден полицияға хабар беріп, көмек сұраған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдіктінің ұрлық әрекеті заттай дәлелдемелермен расталып, айғақтар иесіне қайтарылды. Сонымен қатар оның елорда аумағында бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы да тексерілуде. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға жеке мүліктеріне мұқият болуды және қоғамдық орындарда бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Қырағылық – қауіпсіздіктің кепілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 18 мамыр 2025
Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан жоқ - Антикор
-
17:46, 18 мамыр 2025
Іле Алатауында Фурманов шыңына шығып алған туристер эвакуацияланды
-
17:38, 18 мамыр 2025
Үлкен Алматы айналма жолында тоқтаған екі жүргізушіге 98 мың теңге айыппұл салынды
-
16:44, 18 мамыр 2025
Мысырда әуежайда болған қайғылы оқиға: зардап шеккен қазақстандықтардың саны артты
-
16:15, 18 мамыр 2025
Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр