Астана, Алматы, Шымкент: 18-20 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамы

18:45, 17 сәуір 2024

© Сурет: akorda.kz

Синоптиктер алдағы үш тәулікте, яғни 2024 жылдың 18-20 сәуір аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал ауа температурасы +27°С дейін қызады.

Астанада:

18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +20...+22°С;

19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +22...+24°С;

20 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +4...+6°С, күндіз: +20...+22°С.

Алматыда:

18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +19...+21°С;

19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +21...+23°С;

20 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +23...+25°С.

Шымкентте:

18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +23...+25°С;

19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +24...+26°С;

20 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +25...+27°С.

Алдағы бейсенбіде, 2024 жылы 18 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын мына арадан біле аласыздар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!