АШМ басшысы жұмыртқа бағасы туралы: Уәде сұраудың өзі орынсыз

19:44, 26 мамыр 2023

© Сурет: Zakon.kz

Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында құс шаруашылығын, атап айтқанда жұмыртқа бағытын субсидиялау бойынша сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері Ауылшаруашылығы министрінен "жұмыртқа өндірушілерге субсидия берілмесе де Қазақстанда тағамдық жұмыртқа құны көтерілмейді деп сөз бере аласыз ба" деп сұрады.

"Бізде тағамдық жұмыртқа құны әрдайым өзгеріп отырады. Бұл солай, дау айтуға дайынмын. Соңғы бес жылдағы ай сайынғы жұмыртқа динамикасын қараңыз. Жылдың басында, қыс айларында жұмыртқа бағасы көтеріледі, жазда, керісінше төмендейді. Себебі сұраныс төмендейді. Бұл сұранысқа байланысты нәрсе. Сондықтан бұл жағдайда министрден уәде сұраудың өзі орынсыз", - деді Ербол Қарашөкеев.


Министр оның орнына жағдайды қадағалауға және ауылшаруашылығы өндірісінің барлық бағыттарын қолдау үшін қажеттінің бәрін жасауға уәде бере алатынын айтты.

"Оның барлығы концептуальды құжаттарда бекітілген. Менің жеке KPI-імде де тұр. Біз барлық тауар өндірушілерге жан-жақты көмектесуге тырысатын боламыз. Бюджет пен біздің мүмкіндіктерімізге қарай, әрине", - деп сендірді министр.

21 сәуірде бір жұмыртқаға үш теңге көлемінде субсидиялау нормативтері бойынша тағамдық жұмыртқа өндірісін субсидиялауды жалғастыру ұсынылғаны хабарланған болатын. 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!