Гонконгта маймыл шешегі өршіп барады
© Фото: zakon.kz
Гонконгта маймыл шешегін жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді. Қалада науқастар саны айтарлықтай артты: тамыз айынан бері 21 жағдай анықталып, бұл жыл басынан бері тіркелген барлық жағдайлардың 70%-ын құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маймыл шешегін жұқтырған – 29 жастағы ер адам. Оның денесіне бөртпе шығып, дене қызуы көтеріліп, лимфа түйіндері ұлғайған. Медициналық талдау маймыл шешегі вирусын жұқтыру фактісін растады, пациенттің жағдайы тұрақты.
Эпидемиологиялық зерттеу деректері бойынша, тамыз айынан бері ауырған 21 адам қауіпті жыныстық қатынаста болған. Көпшілігі вакцина алмаған. Пациенттердің жартысынан көбі соңғы айларда серіктестерімен интернет арқылы танысқан, ал кейбіреулері дертті жұқтырғаннан кейін олармен байланыса алмаған, бұл аурудың таралу деңгейін қадағалауды қиындатып отыр.
Гонконгта 2022 жылдан бері барлығы 114 жағдай, соның ішінде 2026 жылдың басынан бері 30 жағдай тіркелгені нақтыланады. Билік қауіптілігі жоғары топтағы адамдарды екпе жасауға және қауіпті байланыстардан аулақ болуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 11 қазан 2026
«Яндекс» сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті
-
15:46, 11 қазан 2026
АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйел сот үкімі орындалғанымен, бәрібір аман қалды
-
15:46, 11 қазан 2026
Америкада өлім жазасына кесілген сотталушыға екпе салынғанымен, оның жүрегі соғуын тоқтатпады
-
13:55, 11 қазан 2026
Эр-Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300-ден аса адам жараланды
-
12:02, 11 қазан 2026
Яндекс Go сервисінде ақау туындады





