Алматыдағы түнгі рейдтер кезінде ондаған адам ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарында рейд жүргізді. Нәтижесінде ондаған адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Алмалы ауданының полицейлері қала орталығындағы бақылауды күшейтіп, ойын-сауық орындарын, көшелер мен қоғамдық орындарды патрульдеді.
"Мақсатымыз — құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, түнгі уақытта қала тұрғындарының, әсіресе кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алдымен ойын-сауық орындарындағы заңбұзушылықтарға назар аударылды. Полицейлер демалыс орындарында темекі мен қорқор қоспаларын шегу фактілерін тексерді. Нәтижесінде 36 әкімшілік іс қозғалып, 57 қорқор аппараты тәркіленді", – деп хабарлады полиция.
Көшелерді жаяу патрульдеген қызметкерлер рұқсат етілмеген орындарда алкоголь ішкен 29 адамды анықтады.
"Кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылды. Ювеналды полиция қызметкерлері адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарды, соның ішінде Арбат пен Сайран көлінің жағалауын тексерді. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 14 әкімшілік хаттама толтырылды", – деп толықтырды полиция департаменті.
Бұған дейін Алматының Жетісу ауданындағы кафеде түнгі отырыс жанжалға ұласып, ер адам жарақат алған еді. Тағы бір оқиға азық-түлік дүкенінде болды: әйел ұрлық жасағаны үшін ұсталған адамды полициядан арашалап алуға тырысқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:05, 12 қазан 2026
Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті
-
10:55, 12 қазан 2026
Мәслихат сайлауы – Мемлекет басшысы премьер-министр және Құрылтай төрағасымен кеңес өткізді
-
10:51, 12 қазан 2026
Қазақстанның батысында бір түнде бес жол апаты болды: жолға шыққан мал жүргізушілерге қауіп төндірді
-
10:46, 12 қазан 2026
Астанада 16 бағыт бойынша автобустар саны артады
-
10:40, 12 қазан 2026
Алматыда төрт көлік соқтығысып, үш адам ауруханаға жеткізілді





